26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2016 жылы 87 мыңға жуық қазақстандық мектеп түлегі ҰБТ тапсырады

12 мамыр 2016 Қаралым: 2 488
2016 жылы 87 мыңға жуық қазақстандық мектеп түлегі ҰБТ тапсырады

Астана. 13 мамыр. Ақпараттар орталығы. 2016 жылы 87 мыңға жуық қазақстандық мектеп түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, деп мәлім етті ҚР Білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің төрағасы Саят Нюсупов.
 

Білім министрлігінің өкілі бірыңғай ұлттық тестілеудің ҰБТ) Қазақстанда 2004 жылы енгізілгенін еске салды. 12 жыл ішінде оған орта мектептердің 1 млн 504 мың түлегі қатысқан, ол тестілеу өткен барлық кезеңдегі мектеп түлектері санының 77% астамын құрайды екен.

«ҰБТ-ға қатысу әдеттегідей ерікті түрде. Ағымдағы жылы мектепті 121091 түлек бітіреді, оның ішінде 83330 - қазақ тілінде, 37762 – орыс тілінде. ҰБТ-ға 86991 мектеп түлегі қатысады. Оның ішінде қазақ тілінде - 63021, орыс тілінде - 23970 түлек», - деді С. Нюсупов бүгін Астанадағы брифингте.
 

Оның айтуынша тестілеуді өткізу форматы 2016 жылы өзгертілмейді. 

«Тестілеу 2-15 маусым аралығында 166 арнайы ҰБТ өткізу үшін жабдықталған пункттерде өтеді. Оның 116-сы аудан орталығындағы мектеп ғимараттарында орналасса, 50-і Астана мен Алматы қалаларында және облыс орталықтарының ғимараттары мен жоғары оқу орындарында орналасқан», - деді комитет басшысы.

Қазақстан ҰБТ