26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2016 жылы Қазақстан «жасыл» электр энергиясын дайындау көлемін екі еселеуге ниетті 

19 мамыр 2016 Қаралым: 1 177
2016 жылы Қазақстан «жасыл» электр энергиясын дайындау көлемін екі еселеуге ниетті 
Алматы. 20 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстан ағымдағы жылы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр қуатының үлесін арттырады, деп мәлім етті «Электр жүйелерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ (KEGOC) басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев.

«Энергияның баламалы көздерін дайындау көлемі 2016 жылдың I тоқсанында 186 млн кВт/с құрады», - деді Б. Қажиев Астанадағы брифингте.

Энергокомпания басшысының айтуынша, республиканың «жасыл» энергетикаға көшу бойынша қабылдаған тұжырымдамасына сәйкес мемекеттің алға қойған мақсаты - күн сәулесі және желмен жұмыс істейтін электр стансаларының үлесін 2020 жылға қарай – 3%-ға, ал 2030 жылға қарай 10%-ға жеткізу. «KEGOC» АҚ күн мен жел электр станциялары өндіретін барлық электр энергияны бір орталықтан сатып алатын «ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ін құрған.
2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 5,5 млрд. теңгені құрайтын 200 млн. кВт/с астам «жасыл» энергия сатып алған. 2016 жылы аталған көрсеткіштерді екі есеге арттыру жоспарлануда

«Жылдың соңына қарай жаңартылатын энергия көздерінен алынған электр қуаты770-800млн кВт/с құрайды деп болжап отырмыз, ал бұл республика бойынша өндірілетін жалпы электр қуаты көлемінің 0,76%-ын құрайды деп күтілуде»,- деді Б. Қажиев