26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2017 жылдан бастап Қазақстан отандық бензин және дизельді отынмен өзін-өзі толығымен қамтамасыз етеді

23 ақпан 2015 Қаралым: 948

Бұл жөнінде бүгін Астанада болған брифингте ҚР энергетика министрі Владимир Школьник хабарлады.

«2016 жылдан кейін Қазақстан толығымен отандық жанармай және дизельді отынмен қамтамасыз етіледі», — деді В. Школьник.

Оның айтуынша, еліміздегі барлық отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудан өткізгеннен кейін мұнай өңдеу көлемін 29,4%, немесе жылына 14,5 млн. тоннадан 18 млн. тоннаға дейін арттыру көзделуде.

Министр мұнай өңдеу тереңдігі де 83 пайыздан 90% дейін артатынын, Аи-92 маркалы жанармай қазіргі 12 пайыздан 21% дейін көбейетінін, ал Аи-95 пен Аи-98 бензиндері өнімі 0,7 пайыздан 10% дейін осетінін атап өтті.