26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2020 жылға дейін Қазақстанның көлік инфрақұрылымына 20 млрд. доллар инвестиция салынады

29 наурыз 2015 Қаралым: 896

Бұл жөнінде бүгін «Қазақстан – Батуми» бизнес форумында ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек хабарлады.

«2020 жылға дейін 20 млрд. жуық долларды көлік инфрақұрылымына инвестициялауды жоспарлап отырмыз. Негізінен бұл Шығыс-Батыс бағытындағы инфрақұрылым, оның ішінде Каспийге және одан әрі — Әзірбайжан, Грузия және Түркия. Сондай-ақ, Бейнеу-Жезқазған жаңа темір жолының, сонымен қатар Парсы шығанағы мен Кавказ бағытындағы қытайлық транзитті барынша тарту мақсатында Қытайға өтетін екінші өткелдің (Алтынкөл-Қорғас) құрылысына қомақты қаражат инвестицияланды», — деді Ж. Қасымбек.

Оның мәліметінше, бүгінде Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы тауар айналымы көлемі 115 млн. долларды құрап отыр. Қазақстанда грузиндік капиталдың қатысуымен бірлескен 80 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. «Қазтрансойл», «ҚазМұнайГаз» секілді ірі компаниялардың Грузияда инвестиция салған.