26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

4 жыл ішінде қазақтың ақбас асыл тұқымды ІҚМ мәртебесін шамамен 80 мың бас алды

3 сәуір 2015 Қаралым: 1 339

Ақпараттық-сараптамалық жүйенің мәліметіне сай 2015 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 217 930 малды қамтитын шамамен 7200 шаруашылық қазақтың ақбас тұқымды малын ұстайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.

Еліміздегі барлық етті тұқымдық бағыттағы қазақтың ақбас тұқымды малының үлес салмағы 61,4% құрайды.

Қазақтың ақбас тұқымының республикалық Палатасы 2011 жылы етті бағыттағы қазақтың ақбас тұқымды Ассоциациясы ретінде құрылып, 2012 жылы қайта құрылған. Палатаның негізгі қызметіне малдарға асыл тұқымды мәртебесін және асыл тұқымды ірі қара малға (ІҚМ) асыл тұқымдық куәлігін беру кіреді.

Бүгінде Палата мүшелеріне 240 шаруашылық кіріп отыр, тек өткен жылдың өзінде ұйымға 36 шаруашылық қосылған. Палатада асыл тұқымды қазақтың ақбас ІҚМ мәртебесін 76 мыңнан аса бас алған.