26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«KazSat-2» және «KazSat-3» жер серіктері Қазақстанға 3,2 млрд теңге кіріс табуға көмектесті

29 июня 2016 Просмотры: 1 820
«KazSat-2» және «KazSat-3» жер серіктері Қазақстанға 3,2 млрд теңге кіріс табуға көмектесті

Алматы. 30 маусым. Ақпараттар орталығы. 2015 жылы «KazSat-2» және «KazSat-3» байланыс және ақпарат тарату жер серіктері қызметінің есебінен шамамен 3,2 млрд теңге көлемінде кіріс кірді, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің баспасөз қызметінен. 

«2015 жылы «KazSat-2» спутнигі арқылы 2 млрд 400 млн теңге көлемінде кіріс кірді, «KazSat-3» спутнигі 883 млн теңгеден астам пайда келтірді», - делінген бейсенбіде баспасөз қызметінің хабарында. 

Хабарда айтылғандай, «KazSat» ғарыштық жүйесін тәжірибе жүзінде пайдалануға енгізу ғарыштық байланыс қызметіне елдің ішкі қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді».
 

Баспасөз қызметінде еске салғандай, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ - Қазақстанның ұлттық жер серіктік операторы, «KazSat-3» ғарыш аппаратын 2014 жылдың желтоқсанында коммерциялық пайдалануға қосты. Бұл ұлттық телерадио хабарларын тарату желісін отандық жер серігіне көшіруге мүмкіндік берді.
 

Бүгінгі таңда 13-тен астам қазақстандық кәсіпорын «KazSat»сериясындағы КА жалға алу бойынша қызметтерді қолданады, соның ішінде ірі телекоммуникациялық операторлар, ұлттық компаниялар, күш құрылымдары, мемлекеттік органдар мен қазақстандық жеке компаниялар бар. 

«Қазақстанның ғарыш саласын құру аясында «KazSat-3» байланыс және хабар тарату ұлттық ғарыш жүйесін құру аяқталды. «KazSat-2»спутнигі сыйымдылығын жалға беру есебінен жалпы сомасы 5 млрд теңгеге импорт алмастыру жасалды», - деп атап өтті ведомстводан.
 

Хабарда айтылғандай, отандық ірі телекоммуникациялық қызмет операторларын «KazSat» сериясындағы ұлттық спутниктерге ауыстыру «ақшалай қаражаттың шетелге кетуін төмендетеді, республиканың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдарды тәуелсіз байланыс арналарымен қамтамасыз етуге» мүмкіндік береді.