Moody’s агенттігі «ҚазТрансОйл» компаниясының кредит дәрежесін «Bаа3» деңгейінде қуаттап, болжамды «Тұрақтыға» өзгертті
Акционерлік қоғамның болжамының өзгеруі 2015 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының тәуелсіз дәрежесі болжамының өзгеруімен негізделген, — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Тұрақты» болжамы компанияның үкіметпен берік байланыстарды сақтайды және қаржылық қиыншылықтар кезінде үкімет компанияға қолдау көрсетеді деген Moody’s агенттігінің пікірін білдіреді.
«ҚазТрансОйл» — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы. Қазақстанның магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.