Qazkom Халық банкімен келіссөздер жүргізе бастады
Алматы. 20 қаңтар. Ақпараттар орталығы. «Казкоммерцбанк» АҚ-ы «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен өзара келіссөздер жүргізе бастады, ҚКБ баспасөз қызметінен.
«Казкоммерцбанк» АҚ-ы (ҚКБ) мен Кеңес Рақышев мырза ҚКБ мен Халық Банкі арасында әлеуетті мәміле жөнінде «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен («Халық Банкі») алдын ала келіссөздерді жүргізе бастағаны туралы хабарлайды", — делінген хабарда.
«Қосымша ақпарат қажетті болған жағдайда тиісті мерзімде берілетін болады», - деп көрсетілген хабарда.


