29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

WADA алматылық антидопингтік зертхананың жұмысын уақытша тоқтатты

1 шілде 2017 Қаралым: 2 612 Қоғам
WADA алматылық антидопингтік зертхананың жұмысын уақытша тоқтатты

Алматы. 1 шілде. Ақпараттар орталығы. Тиісті техникалық құжаттар мен зертханаға арналған халықаралық стандарттардың сақталмауына байланысты дүниежүзілік антидопингтік агенттік (WADA) Алматыдағы антидопингтік зертхана мен Блумфонтейндегі оңтүстікафрикалық допинг-бақылау зертханасының жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады WADA сайты.

Хабарда көрсетілгендей, екі зертхана да WADA атқарушы комитетінің шешімі туралы 29 маусымда хабардар етілген, аккредитацияны жою 30 күн ішінде күшіне енеді.

Өткен жылдың 28 маусымында алматылық зертхананың жұмысы төрт айлық кезеңге уақытша тоқтатылған еді, кейін ол 2017 жылдың 27 сәуіріне дейін ұзартылды. Блумфонтейн зертханасының жұмысы 2016 жылдың 2 мамырында 5 айға тоқтатылып, кейін 2017 жылдың 30 наурызына дейін ұзартылды.

Хабарда түсіндірілгендей, екі зертхана да халықаралық стандарт ережелеріне сәйкес келмеушілікті жоймаған.

Сондай-ақ, ережелерге сәйкес, оның аккредитациясы қалпына келтірілгенге дейін зертханалардың жұмысы уақытша тоқтатылады.

Зертханалар өз аккредитацияларын қайтарып алу туралы Арбитраждық сотқа 21 күн ішінде шағымдана алады.

Дереккөз: WADA

Тағы оқыңыз