А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
15 Октября 2021
2828
Экономика,
Транспорт
Алматы. 15 қазан.
Ақпараттар орталығы - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан,
Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапары аясында көлік инфрақұрылымы
жобалары – «Өскемен-Талдықорған», «Қалбатау-Майқапшағай», «Үшарал-Достық»,
«Қарағанды-Балқаш-Қапшағай», «Меркі-Бурылбайтал» автожолдары жобаларының
іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы.
Ұзындығы 768 шақырым болатын (Шығыс Қазақстан облысының аумағы бойынша – 454
км, Алматы облысының аумағы бойынша – 314 км) «Өскемен-Талдықорған» автожолын
салу жобасы бойынша Үкімет басшысына негізгі жұмыстардың аяқталғаны және жыл
соңына дейін автомобиль қозғалысының ашылатыны туралы баяндалды. Ұзындығы 415
шақырымға созылатын «Қалбатау-Майқапшағай» тас жолын реконструкциялау жобасы
бойынша 127 шақырым жолда қозғалыс ашылды, жұмыстарды 2022 жылы толық аяқтау
жоспарланған.
«Үшарал-Достық» автожолы бойынша 180 шақырымнан 145 шақырым жол пайдалануға
берілді, жұмыстарды 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында толық аяқтау
жоспарланған. Қарағанды облысында Премьер-Министр жалпы ұзындығы 946 шақырым
болатын «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Күрті-Қапшағай» автомобиль жолын
реконструкциялау барысын тексерді. Биыл төрт жолақты жол бойынша 765 шақырым
жолда қозғалыс қамтамасыз етіледі. «Меркі-Бурылбайтал» (262 км) автожолы
бойынша қозғалыс толық ашылады.
Өскемен қаласында Үкімет басшысына халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын
реконструкциялаудың аяқталғаны туралы баяндалды – ҰҚЖ ұзындығы 2800 м дейін,
ені 60 м дейін ұлғайтылды. Асфальтбетон жабынын толық ауыстыру жүргізілді,
жарық-сигналдық жабдықтың жаңа жүйесі орнатылды. 30 тонналық жүк терминалының
және 100 тонналық уақытша жүк сақтау қоймасының құрылысын аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, Премьер-Министрге Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын
реконструкциялау барысы туралы баяндалды, ол 2022 жылғы 1 мамырда аяқталады.
2021 жылы Қазақстанда 8,4 мың шақырым автожол құрылыс және қайта жаңарту
жұмыстарымен қамтылды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 5 мың
шақырым, жергілікті желі – 3,4 мың шақырым. Жол-құрылыс жұмыстарына 200 мыңға
жуық адам тартылған. Биыл еліміздегі 5,1 мың шақырым жолда жұмыстар аяқталады.
Қалған жұмыс көлемі өтпелі және 2022 жылы орындалатын болады. Жұмыс сапарына
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Алматы облысының әкімі Амандық
Баталов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, индустрия және
инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма
төрағасы Асқар Мұратұлы және т. б. қатысты.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




