26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алдағы күндері Қазақстанда күрделі метеожағдай сақталады

24 қаңтар 2017 Қаралым: 1 831 Ауа райы
gribniki.ru
Фото: gribniki.ru

Алматы. 24 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның солтүстік облыстарында бұрқасын, оңтүстікте - тұман және көктайғақ, деп болжады синоптиктер. 

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 24-26 қаңтарда Солтүстік Атлантика мен Жер Орта Теңізінен жылжыған циклонның ықпалына байланысты алдағы үш тәулікте республиканың күрделі метеорологиялық жағдай сақталады. 

Солтүстік өңірлерінде қарлы бұрқасын сақталады, көріну қашықтығы 200-500 м, екпінді жел 15-20 м/с соғады.

Оңтүстік  және Батыс Қазақстан облыстарыңда кей жерлерінде қар, ылғалды қар сақаталады, көктайғақ пен тұман байқалады көріну қашықтығымен 100-500 м, әсіресе таулы аймақтарда қауіпті болуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан 4-8 ºС жоғары болады. 

Тағы оқыңыз