26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі

21 маусым 2017 Қаралым: 2 097 Ауа райы
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі

Алматы. 21 маусым. Ақпараттар орталығы. 22-24 маусым аралығында Қазақстанның оңтүстігіндегі ауа температурасы 40 градус ыстықтан да көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Алдағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігінде өте ыстық болады, мұндағы күндізгі ауа температурасы +33+39 градус, кей жерлерінде +40+45 градусқа дейін көтеріледі», - деп көрсетілген сәрсенбі күнгі синоптиктердің хабарында.

Республиканың батысы мен солтүстігінде ауа ағымының өтуімен ауа температурасы нормадан сәл төмен және норма шамасында болады. Қалған аумақтарда орташа климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары болады.

Астанада 22 маусымда жауын жаумайды, ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С. 23-24 маусымда  өтпелі жауын жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +16+18°С… +18+20°С, күндіз +25+27°С…+26+28°С.  

Алматыда 22 маусымда жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде  +20+22°С, күндіз +32+34°С. 23-24 маусымда өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +28+30°С… +31+33°С. 


Тағы оқыңыз