Алексей Калайчиди жаңа қызметке тағайындалды
23 Июля 2021
1169
Назначения
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 23 шілде. Ақпараттар орталығы - Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Полиция генерал-майоры Калайчиди Алексей Дмитриевич 1963 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1985 жылы Фрунзе политехникалық институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша, 1990 жылы КСРО ІІМ Жоғарғы курстарын, 2008 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген. Қызметте жеткен жетістіктері үшін ІІМ басшылығымен бірнеше рет көтермеленген, «Құрмет» (2012), «Парасат» (2018) ордендерімен және 5 мерекелік медальмен марапатталған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1990 жылдың сәуірінен Шымкент облысы Абай АІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастаған. 1990 жылдың сәуірі мен 2005 жылдың мамыры аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған. 2005 жылдың мамыры мен 2009 жылдың ақпаны аралығында Министрліктің орталық аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет еткен. 2005 жылдың мамыры мен 2006 жылдың ақпаны аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Заң басқармасының бастығы; 2006 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында – ІІМ Заң департаменті бастығының орынбасары; 2006 жылдың шілдесі мен қазаны аралығында – ІІМ Кадр жұмысы департаменті Жеке құрам жөніндегі инспекцияның бастығы; 2006 жылдың қазаны мен 2008 жылдың наурызы аралығында – Жамбыл облысы ІІД бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары болды. 2008 жылдың қарашасы мен 2009 жылдың ақпаны аралығында – ІІМ Заң департаментінің бастығы; 2009 жылдың ақпаны мен 2016 жылдың маусымы аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің инспекторы, сектор меңгерушісі, құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымында қызмет етті. Ал 2016 жылдың маусымы мен 2019 жылдың қаңтары аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі; 2019 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




