• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Алексей Цой ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілімен кездесті

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 9 қазан. Ақпараттар орталығы - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизенмен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрі БҰҰ Балалар қорына ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді серпінді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асырғаны үшін алғыс айтты. Кездесу барысында А.Цой мен Артур ван Дизен Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі ынтымақтастықтың қорытындысын талқылады. Министр жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және бүлдіршіндерге үйде патронаждық бақылау ұйымдастыруда әмбебап-прогрессивті тәсіл енгізу, жасөспірімдер арасындағы суицидінің алдын алу, мектеп медицинасы бойынша стандарттарды әзірлеу, АИТВ инфекциясы кезінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ бала өлімі, ата-аналар мен медицина қызметкерлерін вакцинациялау, мектептердегі санитария мен гигиена мәселесі бойынша бірлескен зерттеулер де сөз болды.

Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ 2020 жылы мектептердегі балалар арасындағы артық салмақ пен суға қол жетімділік, санитария мен гигиена эпидемиологиялық мониторингінің бесінші раундын жалғастыруда. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы еліміздің 17 өңіріндегі 151 мектепте дала жұмысына кірісті. Оған 6 мың бала қамтылады. ҚДСҰО-мен бірлесіп қызылша ауруының негізгі себептерін, ата-аналар арасында вакцинацияға қатысты мәселелерді зерттеу және бүлдіршіндер, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тамақтандырудың ұлттық стратегиясын және басқа да бірқатар бастаманы әзірлеу жоспарлануда. Сонымен қатар, тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бірқатар бағыт бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жаңа жұмыс жоспарын әзірлеу ұсынылды. Оның ішінде - МСАК патронаждық қызметінің әмбебап-прогрессивті моделін енгізу; балалардың тамақтануын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу, дұрыс тамақтануды ұстану дағдыларын қалыптастыру, негізгі қауіп факторларының бірі ретінде семіздіктің алдын алу; жаңа туған нәрестелерді, оның ішінде шала туған нәрестелерді күтуге ықпал ететін енгізілген тиімді перинаталдық технологияларды қолдау; ата-аналарға кеңес беру мен ақпараттандыруды ұйымдастыру мақсатында балаларды дамыту кабинеттері мен орталықтарын әдіснамалық қолдау; ерте жастағы балалардың скринингін енгізу және жетілдіру; мектеп медицинасын дамыту, білім беру ұйымдарында медицина қызметкерлерінің құзыреттерін кеңейту.

Кездесу қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ әріптестік қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және медицина кадрларының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізді.

Источник: ҚазАқпарат

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области

ru Филиал ОАО «РЖД» привлечён к ответственности за монопольно высокие цены

ru Полиция изъяла более 43 кг марихуаны в Жамбылской области

ru Министр обороны проинспектировал военные объекты в Кызылординской области

ru Более 595 тыс. услуг получили лица с инвалидностью через Портал

ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 2 000 единиц

ru Поставщики поливной воды, нарушившие права потребителей, оштрафованы на 17,8 млн

ru Стабильное водоснабжение получили 18 тысяч жителей Темиртау

ru Более 113 тыс. заявок на установление инвалидности рассмотрены в заочном

ru Перевозки зерна по сети КТЖ выросли на 30% в 2025

ru О мерах по борьбе с организованной преступностью в 2025 году

ru Более двух миллионов кубометров снега вывезли из Астаны с начала

ru Из Турции возвращена подозреваемая в мошенничестве под предлогом приобретения ювелирных

ru На крышах учебных корпусов КазНУ установлены солнечные панели

ru О результатах деятельности по противодействию коррупции в 2025 году сообщили

ru Пенсионные выплаты из ЕНПФ вырастут на 5 процентов

ru Задержан иностранный гражданин за незаконный оборот наркотиков в Алматы

ru Пирамида «HAS»: расследование продолжается

ru Почти 60 тыс. тонн готовой рыбной продукции произведено за 11