29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы әкімі Қазпоштаның жаңартылған бөлімшелерін аралады

16 наурыз 2017 Қаралым: 4 042 Технологиялар,  Саясат,  Қоғам
post.kz
Фото: post.kz

Алматы. 16 наурыз. Ақпараттар орталығы. Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласының жаңғыртылған бөлімшесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінен. 

«Біз барлық бөлімшелерімізді жаңартып, олардың инфрақұрылымын жаңғыртып, бизнес-процесстерді қайта қарастырып жатырмыз. Кезекте тұрмай және көптеген құжаттарды толтырмай жаңа кеңселерге келіп қызметтерді алу мүмкіндігі Алматы азаматтарының көңілінен шығады деп үміттенеміз. Алматыда бұл 4 жаңартылған бөлімше, жоспарымыз бойынша бұл қалада 18 бөлімше жаңартылады», - деді Қазпошта басшысы Сәкен Сәрсенов.

Сакен Сарсеновтің айтуынша, пошта бөлімшелерін жаңғырту барысында жұмыс кеңістігін оңтайландыруға ерекше көңіл бөлінді: операциялық бөлмелердің ауқымы  функционалдық емес кабинеттерді жою арқылы 9 000 шаршы метр ден  19 000 шаршы метрге дейін өсті. Сондай-ақ, жаңартылған бөлімшелерде бір деңгейлі және кедергісіз қызмет көрсету терезелері енгізілді, жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету аймақтары, пошта және қаржы қызметтері залдары бөлінді, операциялық терезелердің саны көбейтілді.  

"Жаңа жұмыс форматына көшу халыққа қызметтер көрсету сапасын арттырумен бірге сәлемдемелерді алу және жөнелту рәсімдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде, сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту уақыты 2-3 минутқа дейін қысқарды, ал супермаркеттер арқылы берілетін сәлемдемелер саны екі есеге артқан», - деді Сакен Сарсенов.

Аталған бөлімшелерді жаңғырту, тек күрделі жөндеуді ғана емес, сонымен қатар технологиялық құрамдардың жаңартылуын көздейді. Барлық жаңғыртылған пошта байланыс бөлімшелері  бірыңғай электронды кезек жүйесімен,  видео қадағалау және өрт қауіпсіздігімен қамтамсыздандырылған. 

Бүгінде Қазақстанда «Қазпоштаның» 102 жаңғртылған бөлімшесі ашылды. Бүгін  ШҚО, ОҚО, Қарағанды, Алматы және еліміздің өзге аймақтарында жаңартылған пошта бөлімшелері іске қосылды. Бұған дейін  жөндеуден өткен Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Талдықорған, Тараз және Ақтау қалаларындағы бөлімшелер ашылды.

 Оның үстіне пошта байланыс бөлімдері тәулік бойы жұмыс істейтін болады («POST 24» өзіне-өзі қызмет ету аумағы):  қаржы қызметі бойынша – банкоматтар және төлем терминалдары, ал почта қызметтері бойынша – поштаматтар болады. Жаңғыртылған бөлімдерде қабылдау және аудармаларды жүргізу валюталық кассалары бар. 

Жаңғырту бағдарламасы бойынша Қазақстанның 197 елді мекенінде орналасқан 400 пошта бөлімшелерін жаңарту жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз