29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы ЖЭО-2 электр энергия өндірісі қуатын арттырады

21 қыркүйек 2016 Қаралым: 3 512 Экономика,  Бизнес
Алматы ЖЭО-2 электр энергия өндірісі қуатын арттырады

Алматы. 21 қыркүйек. Ақпараттар орталығы.     «Алматы электр станциялары» АҚ: Алматы 2-ші ЖЭО-ның №8 қазандық агрегатын іске қосты, деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметінен.


Хабарланғандай, 2016 жылғы 21 қыркүйекте Алматы 2-ші ЖЭО-ны қайта құру және кеңейту аясында №8 қазандық агрегатын іске қосу рәсімі өтті. Іске қосу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы А. Сәтқалиев, «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасы Н. Мұхамед-Рахимов қатысты.   


«Жаңа қазандықты іске қосу «Универсиада-2017» жаңа объектілері, «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша индустриялық аймақ пен құрылыстар сияқты қаланың өсіп келе жатқан мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді» - деді «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.


Жобаның құны 25,7 млдр. теңгені құрайды. № 8 қазандық агрегатын іске қосу 2-ші ЖЭО-ның жылу қуатын 1 176 Гкал/сағаттан 1 414 Гкал/сағатқа дейін 20%-ға арттырады және жылына қосымша 450 млн. кВтс электр энергиясын өндіруін қамтамасыз етеді.




Тағы оқыңыз