26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы облысы бойынша 37 «Медиация кабинеті» жұмыс істейді

30 маусым 2016 Қаралым: 1 387
Алматы облысы бойынша 37 «Медиация кабинеті» жұмыс істейді
Алматы. 1 шілде. Ақпараттар орталығы.  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы заң үстемдігі тұрғысынан сот жүйесіне бекітілген барлық 11 қадам Алматы облысы бойынша жүзеге асырылған. Осы жұмыстың нәтижесінде ұлттық сот жүйесі айтарлықтай жаңартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облыстық сотының судьясы Нұргүл Айымханова мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар сот төрелігінің үш деңгейлі жүйесіне көшкен, сотқа үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілген, Жоғары Сот жанында Сот төрелігі академиясы, Халықаралық кеңес пен мамандандырылған сот коллегиясы жұмыстарын бастады. Прокурордың азаматтық сот өндірісіне қатысуы заң түрінде қысқартылған. Тергеуші судьялардың өкілеттіктері кеңейтілген.   

Судьялар этикасы кодексінің жаңа жобасы әзірленді. Жоба Жоғары Сот жанындағы  Халықаралық кеңес отырысында мақұлданды. Ол бойынша Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссия сарапшыларының қорытындысы алынды Кодексті қабылдау ағымдағы жылы судьялардың VII съезіне жоспарланып отыр. 

Судьяларға қатысты түскен шағымдар  санының азаюында соттарда істердің толығымен дыбыс-бейне жазба құралдарымен қаралуы маңызды рөл атқарып отыр.  Мәселен 2016 жылдың 5 айында 1 шағым ғана түскен, ал 2015 жылдың сәйкес кезеңінде – 8 шағым.     Бүгінгі күні Алматы облысы соттарындағы сот отырысы залдары арнайы құралдармен 90% жабдықталған.   

Алматы облысының соттары Қазақстан Республикасы жоғары Сотының рейтингі бойынша медиацияны дамыту мен қолдануда елде көш бастаушылардың бірі болып табылады.  Бүгінгі таңда өңірдің әр бұрышында медиаторлар жұмыс жасап жатыр. Ымырасыз даулар көбіне медиация көмегімен шешілуде, ал қарсы күресуші тараптар ымыраға келіп қана қоймайды, медиатордың жұмысының арқасында бір-біріне деген сыйлы қарым-қатынастарын да сақтайды.    

Алматы облысы бойынша жергілікті жерлерде 37 «Медиация кабинеті» жұмыс істейді. Онда тұрғындарға медиатордың кеңестерін алуға жағдай жасалған.

Фото: СЦК Алматинской области