26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы облысында 2020 жылға дейін ЖЭК қолданатын станциялардың қуаттылығы 2732 МВТт болады

8 сәуір 2015 Қаралым: 1 867

Бұл туралы Талдықорғанда өткен жаңартылған энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану жобаларының орындалу барысы жөнінде өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға қатысушылар облыста 2006-2020 жылдарға арналған су және жел энергетикасын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын айтқан. Бағдарлама аясында 2008 жылы жалпы жобалық қуаты 324,3 МВт болатын Мойнақ СЭС-і, 8 шағын СЭС, 1 күн электр стансасы іске қосылған. Облыстың электр энергетикасының әлеуеті — Қапшағай мен Мойнақ ірі СЭС-тері, 16 шағын СЭС және 1 күн энергетикасы негізінде жалпы белгіленген қуатты 749,5 МВт.

Бағдарлама шеңберінде 2020 жылға дейін 58 компания ЖЭК қолданатын 129 нысанның құрылысы жобасын жүзеге асыруға тиетті. Оның ішінде жалпы қуаттылығы 2732 МВТт болатын 104 СЭС, 14 ЖЭС, 11 КЭС бар. Қазіргі кезде Сарқан ауданында Төменгі және Жоғарғы Басқан СЭС-1, Лепсі СЭС-2, Еңбекшіқазақ ауданында Есік СЭС-1 мен биоэлектр стансасының құрылыстары басталды.

Сонымен қатар облыста тағы 13 инвестор-компаниялар ЖЭК жобаларын қаржыландыруға қатысуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.