26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы облысында табиғи сүт өндірісі 680 мың тоннаға дейін артты

18 сәуір 2016 Қаралым: 2 182
Алматы облысында табиғи сүт өндірісі 680 мың тоннаға дейін артты
Алматы. 19 сәуір. Ақпараттар орталығы. Алматы облысында 680 мың тонна сүт өндіріледі, оның 85%-ы жеке аула шаруашылықтарына тиесілі, деп хабарлады Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Хабарланғандай, бүгінде осы салада «FoodMaster» және «Danone» екі трансұлттық компаниялар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Алакөл ауданында «Қайыңды» ЖШС-мен бірге 2,4 мың басқа заманауи сүт тауарлық фермаларының құрылысына және қуаты тəулігіне 100 тонна болатын сүт өңдеу зауытының құрылысына Германиядан «Agrial» инвесторы тартылды.
Қазіргі уақытта бес гектарда алаң дайындалды, құралдар мен ІҚМ жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, «Ырыс» бағдарламасы бойынша 1000 басқа 9 сүт-тауарлық фермасын құру жоспарлануда. Жалпы, Алматы облысында барлығы 10 сүт-тауарлық ферма салынады.

Сондай-ақ, Іле ауданында Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен 24 шаруа қожалықтарын біріктірген 1480 басқа кооператив құрылды. Ал, Қаратал ауданында «Үштөбе Айдын» сүт зауытының айналасында алты сүт қабылдау пункттері ашылды, олармен 30 шаруашылық жұмыс жасайды.

«Нәтижесінде ұйымдастырылған шаруашылықтардан шикізатты жеткізу 15%-тен 20%-ке артты, сүт өндірісі - 8,3мың тоннаға артып 688,2 мың тоннаға жетті, сүт зауыттарын жүктеу – 75%-тен 81%-ке артты», - деп баспасөз қызметінің хабарламасында атап өтілген.