Алматы облысында тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты қайта іске қосылады
Алматы. 11 сәуір. Ақпараттар орталығы. Он жылдай тоқтап тұрған Ақсу қант зауытында биылдан бастап жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімі Амандық Баталов аталмыш кәсіпорынды аралау барысында.
Аймақ басшысы зауытта әлеуетті инвестормен және Ресей мен Украинадан шақыртылған арнайы мамандармен кездесті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Хабарланғандай, облыс басшылығының тапсырмасымен зауыт «Жетісу»ӘКК-дан коммуналды меншікке сатып алынған. Ал, жақын арада арнайы ұйым құрылып, ол заңды тұлға ретінде зауытты қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастайтын болады.
«Жетісу»ӘКК» ҰК»АҚ күрделі құрылыс департаментінің директоры Марат Асановтың айтуынша, қазіргі таңда кәсіпорында техникалық аудит жүргізу жоспарлануда, содан соң жобалық-сметалық құжатнама жасақталады, кейінірек құрылыс-монтаж, құрал жабдықтарды орнату және қант зауытын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталады.
Алдын ала мәліметтер бойынша инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 8 миллиард теңгені құрайды. Қаржыландырудың 20 пайызы облыстан беріледі.
«Алғашқы қаражат бюджетте ескерілген, келесі кезең – ЖСҚ дайындау, ол үшін де қаражат қарастырылған. Енді тиімді жұмысты құра алатын инвесторды таңдау керек. Осы мәлесе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы сапалы ұсыныстар жетерлік», - деп атап өтті облыс әкімі Амандық Баталов.
Осы ретте аталып өткендей, қант қызылшасын жеткізу мәселесі де шешілген. Шикізаттың болмауы зауыт жұмысының тоқтауына себеп болған. Ақсу ауданының өзінде 1260 га алқапқа қант қызылшасын отырғызу жоспарланған. Жалпы ағымдағы жылы өңір бойынша қант қызылшасының алқабы 6,4 мың гектрға дейін ұлғайтылады. Ақсу қант зауытына шикізатты Сарқан мен Алакөл аудандарының өндірушілері жеткізетін болады.