Алматы облысының әкімдігі полиция қызметкерлеріне 25 қызметтік көліктің кілтін табыстады
Алматы. 23 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 24 жыл толуын мерекелеуге орай Алматы облыстық ІІД қызметтік автопаркі тағы 25 автокөлікпен толықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан полициясы күніне орай Талдықорғандағы «Жастар» саябағында өткен салтанатты шарада облыс әкімі Амандық Баталов тапсырды..
«Мемлекет қолдауының нәтижесінде облыста қылмыспен күреске, құқықтық тәртіпті нығайтуға, ішкі істер органдарының материалдық базасын жақсартуға көп көңіл бөлінуде. Мәселен, биылғы жылы осы мақсатқа облыстық бюджеттен 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді», - деді салтанатты шарада сөз сөйлеген әкім.
Қазіргі кезде формалық киім-кешекпен қамтамасыз ету – 90,4 %, қызметтік автокөлікпен қамту – 94,3 %. Ал бүгін қызметтік автопарк тағы 25 автокөлікпен толығып отыр.
«Мұның бәрі полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруына, қоғамдағы тұрақтылықты, халықтың тыныштығын сақтауға ықпал етеді. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Күрделі де жауапты жұмыстарыңызға табыс тілеймін!», - деді А. Баталов.
Ынталандыру ретінде әкім ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.
Полиция қызметкерлерін облыстық ІІД бастығы, генерал-майор Мұрат Ұрұмханов құттықтап, полиция ардагерлеріне, қызметкерлеріне және полицияға жәрдем көрсеткен азаматтарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар тапсырды.
Хабарда атап өткендей, үш қызметкерге қызметтік пәтердің кілті берілді.
Кездесу соңы концертке ұласып, Қазақстан полициясының құрдастары – 24 жастағы полиция қызметкерлерінің қолынан ақ көгершіндер ұшырылды.