Алматы қаласында «Отбасы және мектеп бірге» бағдарламасы басталады
Бағдарлама Ауғаныстан және көрші елдер бойынша Өңірлік бағдарлама аясында Ішкі істер министрлігімен, Білім және ғылым министрлігі Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасымен бірлесіп іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР ІІМ.
Алматы қаласының №50 орта мектебінің, №28 мектеп-лицейінің, №73 мектеп-гимназиясының оқушылары өздерінің ата-аналарымен бірге 8 апта бойы өзара, әріптестерімен, мұғалімдермен және мектеп әкімшіліктерімен бірге іс-қимыл жасауға үйренеді.
Бағдарламаның негізгі міндеттері – балаға тыйым салу факторларының жүйесін құру, ата-аналарын қолдау және ата-ана ұстанымын күшейту; бала және отбасы үшін күнделікті тәуекелді; ішімдікті, есірткіні және басқа да психобелсенді заттарды теріс пайдалануды психологиялық тәуелділікке тартуды, ойын құмарлыты, интернетке тәуелділікті төмендету; мектеп істеріне ата-аналардың қатысуын кеңейту.