26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда әскери клубтың тәрбиеленушілері тауда аяғын сындырып алған әйелді 2 шақырым жер көтеріп барған

9 маусым 2016 Қаралым: 1 396
Алматыда әскери клубтың тәрбиеленушілері тауда аяғын сындырып алған әйелді 2 шақырым жер көтеріп барған
Алматы. 10 маусым. Ақпараттар орталығы. Алматыдағы «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері тауда аяғын сындырып алған әйелді 2 шақырым жер көтеріп барған, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай, балалар жетекшімен тау дайындығы, альпинизм және құзға өрмелеу бағдарламасы бойынша сынақтық шығудан қайтып келе жатқан кезде топтан қалыс қалып, жападан жалғыз қалған әйелді тауып алған.
Белгілі болғандай, әйел қозғала алмаған, себебі сол аяғын сындырып алған. Балалар оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

«Әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушісі 7-сынып оқушысы Думан Манапов әйелді жедел жәрдем орналасқан жерге жеткізу үшін зембіл ретінде жадағай-палатканы қолдануды ұсынды. Бозбалалар 2 шақырымдай төмен түсіп, әйелді қолдарымен көтеріп әкелді», - деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

ТЖ комитетінің қызметкерлері балалардың дайындығын атап өтіп, оларды өздерінің жаттықтыру базасына шақырды. Ол жерде тәрбиеленушілерге қосымша жаттығуға және дағды алуға мүмкіндік беріледі. 

«Киров» әскери-патриоттық клубына75 бала барады, оның 20-сы жетімдер. Әскери-патриоттық клубтың жетекшісі Бақытжан Перімбетов толыққанды альпинистік дайындықпен, балалармен бірге құзға өрмелеумен айналысады. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери-патриоттық клубының қызметіне жетекшілік етеді. ҚІЖД-нің әскери қызметшілері жан-жақты көмек көрсетеді, осындай клубтардың дамуына барлық жағдай жасайды. Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде атап өткендей, балаларды әскери қызметшілердің балаларына арналған жазғы лагерьге тегін жіберу жоспарлануда.