26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда биыл 20 мың жаңа жұмыс орынын ашужоспарлануда

20 января 2015 Просмотры: 1 022

Бұл жөнінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 2014 жылдың қорытындысы мен 2015 жылда жасалытын жұмыстарға арналған жиналыста айтты.

«Өткен жылдың қорытындысын саралай келе Алматыда эконмиканың барлық салалары бойынша дамудың оң динамикасы қалыптасқандығын байқауға болады. Алайда, биылғы жыл экономикалық жағынан алғанда күрделі болайын деп тұр», — деді А. Есімов.

Кәсіпкерлікті ынталандыруды күшейту мақсатында «Даму» АҚ-ымымен бірігіп Алматының аса маңызды секторы — сауда саласын одан әрі дамытуға барынша қолдау көрсетілетін болады. Бұл мақсатқа 4 млрд. теңге бөлінеді.

Акиматтың мәліметінше, өткен жылы 23 мың жаңа жұмыс орны ашылған, ал орташа жалақы 155 140 теңге болған.