26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда бизнесменнен 1 млн доллар бопсалаған екі ер адам сотталды

14 апреля 2016 Просмотры: 2 047
Алматыда бизнесменнен 1 млн доллар бопсалаған екі ер адам сотталды

Алматы. 15 сәуір. Ақпараттар орталығы. Алматыда бизнесменді ұралап әкетіп, босатуы үшін қомақты қаражат бопсалаған екі ер адам сотталды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Екі ер адам өткен жылдың тамыз айында бизнесменді ұрлап әкетіп, одан 1 млн доллар бопсалаған. Полиция қызметкерлері қылмыскерлерді кездейсоқ тауып алған. Патрульдік қызмет қарама-қарсы жол жолағымен жүріп келе жатқан көлікті тоқтатпақшы болған.

«Көлікті басқарып келе жатқан ер адам біздің заңды талаптарымызға құлақ аспастан, ЖЖЕ бұза отырып айналадағыларға қауіп төндіре келе қашып құтылмақшы болды», - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД жол-патрульдік полициясының мамандандарылған полк батальонының инспекторы Елдос Әбдрахимов.

Оның айтуынша, полицейлер бұзақылардың ізінен қалмай, тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұтқындаған. Автокөлік жүргізушісі мен оның екі жолаушысы жаяу қашып құтылмақшы болған.

«Алайда көрсеткен қарсылығына қарамастан жүргізуші тұтқындалды. Ал, қалғандарын қылмыстық істі тергеу полииясының қызметкерлері тауып алды», - деді Е. Әбдрахимов.

Автокөлік салонынан әбден соққыға жығылған ер адам табылды, кейінірек оның бірнеше минут бұрын ұрланғаны анықталған. Ер адам түсіндіріп кеткендей, ол кәсіпкер. Жол бойында қылмыскерлер бизнесменге өз талаптарында қойып үлгерген, олар оның туыстарынан қомақты қаражат талап етпекші болған.

Хабарланғандай, Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты А.В. Ниязов пен И.Д. Тенды кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілей отырып 11 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын сотталғандар қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.