29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда халықаралық жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер форумы өтеді

29 тамыз 2016 Қаралым: 2 302 Экономика,  Әлемде,  Бизнес
Алматыда халықаралық жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілер форумы өтеді

Алматы. 29 тамыз. Ақпараттар орталығы.  Ағымдағы жылдың қазан айында өткізілетін «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі-2016» халықаралық конференциясына әлемінің 15-тен артық елдерінен 200-ден астам делегат қатысатын болады, деп хабарлады «Қазагромаркетинг» АҚ-ға сілтеме жасаған «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызметінен.  

 

Бүгінгі күні конференцияға қатысуға Ресейдің, Украинаның, Италияның, Германияның және тағы басқа елдердің жеміс-көкөніс саласының белсенді өкілдері мүдделік танытуда. «Қазагромаркетинг» АҚ конференцияға қатысушылардың 50 пайызын еліміздің жеміс-көкөніс өнідірушелері құрайтын болады деп атап өтті.

 

Хабарда айтылғандай, форум 2016 жылдың қазан айының 20 мен 21 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында, Holiday Inn Almaty  қонақүйінде өтеді.

 

«Шараның іскери бағдарламасында Қазақстанның жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру саласының өзекті мәселелерін талқыланып, болашақтағы дамуы болжамданатын болады. Аталған мәселелерді талқылау  отандық жеміс-көкөніс саласына қатысушылармен қатар, ТМД, Еуропа және басқа алыс та жақын шетелдердің өнім өндірушілері және технологияларды жеткізушілері үшін қызығушылық танытатыны сөзсіз», - делінген хабарда.

Тағы оқыңыз