26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда мақсатсыз пайдаланылып отырған ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылады

21 сәуір 2016 Қаралым: 2 288
Алматыда мақсатсыз пайдаланылып отырған ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылады

Астана. 22 сәуір. Акпараттар орталығы. Алматыда мақсатсыз пайдаланылып отырған ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылады және сатылады, деп мәлімдеді қала әкімі Бауыржан Байбек.

«Мақсатсыз пайдаланылып отырған ауыл шаруашылығы жер телімдері бар. Мұндай жерлер қайта қайтарылып, саудаға салынуы мүмкін. 329 га алқапты алып жатқан 107 жер телімінің иелеріне ескерту жіберілді. Сонымен қатар, бос жатқан 88 га созылған 116 нысан анықталды. Онда ешқандай инфрақұрылымсыз жаңа өндіріс ашуға болады. Бұл туралы барлық ақпарат әкімдік сайтына жарияланатын болады», - деді Б.Байбек жұмадағы брифингте.

Қала әкімі хабарлағандай, жүргізілген мүлікті түгендеу өндірісті орналастыруға болатын 753 бос учаскені анықтады.

«Бизнесті алаңмен қамтамасыз ету мақсатында жер мен өндірістік нысандарды түгендеу жүргізілді. Нәтижесінде 753 бос учаске анықталды, оның 80% мүлік ауыртпалығы салынған. Жер бар, оны тек анықтап экономикалық айналымға салу керек», - деді Б.Байбек.