26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда солтүстік спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты өтеді

25 января 2015 Просмотры: 906

Жасөспірімдер арасында өтетін солтүстік спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты Алматыда биылғы жылдың 1-8 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл әлем чемпионаты 240 миллион көрермені бар «Евроспорт» телеарнасында тікелей эфирден берілетін болады. Алматы 32 елден келетін 570-тен астам спортшыны қабылдайды. Спорттық шараға 560 волонтер тартылған, әлемнің БАҚ-ның 30-дан астам өкілі аккредитцияланған.

Жақында Алматы әкімі Ахметжан Есімов «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешені аумағындағы шаңғымен жүгіру трассасын барып көрді. Қала басшысы жаңадан пайдалануға берілген обьектінің маңызын атап өтті және шаңғымен жүгіру трассасының барлық халықаралық стандартқа сай екендігін атап өтті, дейді баспасөз қызметі.