26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыда су басып қалатын учаскелер саны 4 есе төмендеді

3 августа 2020 Просмотры: 1 388 Социум
фото: Википедия
Фото: фото: Википедия

Алматы. 3 тамыз. Ақпараттар орталығы - Үш жыл бұрын ТЖД-нің есебінде нөсер жаңбыр жауған кезде су астында қалу қаупі бар 67 учаске тіркелген еді, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

Бұл мәселені кешенді шешу үшін су астында қалу қаупі бар учаскелердің санын азайтатын пәрменді шаралар қабылданды. Мәселен, 497 шақырым арық желілері салынды, 410 шақырым өзен арналары нығайтылды.

Нақтылы жүргізілген жұмыстардың арқасында 57 учаскенің су басып қалу қаупі жойылды, нөсер жаңбыр кезінде оларға еш зиян келген жоқ. Нәтижесінде қалада су астында қалу қаупі бар жерлер 4 есе азайды, яғни су басып қалуы мүмкін учаскелер 67-ден 17-ге дейін азайды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша су басып қалу алгоритмі қайта жасалды, қатты жаңбыр болжамы бойынша қолда бар күштер мен мүмкіндіктер қауіпті учаскелерге жұмылдырылды. Қолданылған жедел шаралар мұндай қауіпті аймақтардың санын 7 есеге дейін төмендетті.

Су басып қалуы мүмкін 17 учаске бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, жауын кәріздері, арық желілері салынып, басқа да нақтылы шаралар іске асуда.

Источник: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Читайте также