26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматыдағы атысқа қатысушы ұсталды

18 шілде 2016 Қаралым: 2 464 Оқиға
Алматыдағы атысқа қатысушы ұсталды

Алматы. 18 шілде. Ақпараттар орталығы. Полиция қызметкерлері Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуылдаған қылмыскерді ұстады, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен. 

"18 шілдеде сағат таңғы 11 шамасында күдікті Алматы қ. Алмалы аудандық ІІД ішкі істер басқармасына баса көктеп кіру барысында күзетте тұрған полицейге оқ атып, оның автоматты қаруын иемденіп, қашып кеткен", — делінген хабарда. 

Оны аңду барысында қылмыскер артынан қуып келе жатқан «Боран» полиция экипажына тартып алған қаруынан оқ атқан.  Нәтижесінде патрульдік экипаждың  екі қызметкері жарақат алды. 

Қарулы қарсылық кезінде күдікті жараланып, «Қазақконцерт» АҚ ауданы маңында оны полиция қызметкерлері ұстады. Оның кім екені анықталды. Оны ұстау барысында екі полиция қызметкері оқтан жараланды.  

"Өкінішке орай, бұл қылмыскер бұған дейін қала тұрғынының жеңіл көлігін иемденіп алмақ болған, нәтижесінде жарақат алған жүргізуші қаза тапты. Ауруханаға алып келе жатқан жолда алған жарақаттарынан үш полиция қызметкері көз жұмды", — делінген мәлімдемеде.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, ұсталған, 27 жасар азамат бұрын сотталған Қызылорда облысының тұрғыны, өткен демалыстағы әйел өліміне де қатысы бар деп күдіктелуде. 

Қалада «Сирена» жедел жоспары енгізілді, полиция қызметкерлерінің барлығы ұсталған қылмыскердің жақтасын ұстауға жұмылдырылған. 

Тағы оқыңыз