Алматыдағы жаңа жылыжай кешені көкөністерді жеткізуді бастады
Алматы. 7 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. "ҚазАгро" ұлттық холдингінің қаржылай қолдаумен Алматыда салынған Қазақстандағы ең үлкен Жылыжай кешені елдің оңтүстік астананың сауда желілеріне өз өнімдерін жеткізуді бастады, деп хабарлады ұлттық холдинг баспасөз қызметінен.
«BRBAPK» ЖШС жылыжай кешені оңтүстік астананың Алатау ауданында орналасқан және 3 200 тонна қызанақ пен 4 000 тонна қиярдың жылдық өндірісіне бағдарланған. Оның өнімі Алматыға, Қазақстанның солтүстік өңірлеріне, сондай-ақ Ресейге жеткізуге арналған.
"BRB APK» ЖШС директоры Нұрлан Әділханның айтуынша,бүгіннің өзінде жылыжай күн сайын 20 тонна қияр шығарады, қызанақ та пісуге жақын.
"Әрине, кешен отандық нарықтың көкөніс өнімдеріне қажеттілігінің бәрін жаба алмайды, бірақ сөзсіз импорт алмастыруға және қазақстандық сатып алушыларды экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуге өз ықпалын тигізеді" — сказал он.
«BRB APK» ЖШС жылыжай кешені – бұл 530 инвестициялық жобаның біреуі, ол «ҚазАгро» ұлттық холдингтің компаниялары тобымен қаржыландыруға мақұлданған. Оның жиынтық құны - 285 млрд. теңге. Іс жүзінде, бұл инфрақұрылымдық жобалар, олар аграрлық саладағы – ет және сүтті мал шаруашылығынан бастап өсімдік шаруашылығы мен өнімдерді қайта өңдеуге дейінгі түрлі бағыттарды дамыту үшін серпін береді. Бүгінгі күні осы жобалардың ішінде пайдалануға берілгені – 490 жоба, оның көп бөлігі толық жобалық қуатқа шықты" – деді «ҚазАгроФинанс» АҚ -нің Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшын.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, республикадағы ерте көкөніс өндірісінің көлемі 2015 жылы 147,7 мың тоннаны құрады, ол ұлттық тұтыну нормасына сәйкес, елдің ішкі қажеттілігінің тек 83%-ын ғана құрайды. Бұл маусым аралығы кезеңінде көкөніс өнімінің көлемін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікке әкеледі. Қазіргі уақытта, республика тұрғындарының жабық топырақтағы көкөніске қажеттілігі шамамен 175 мың тоннаны құрайды.


