26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

АМӨЗ төмен октанды бензин өндірісінен түбегейлі бас тартуы мүмкін

18 сәуір 2016 Қаралым: 2 129
АМӨЗ төмен октанды бензин өндірісінен түбегейлі бас тартуы мүмкін

Атырау. 18 сәуір. Атырау МӨЗ жаңғырту аясында салынған қондырғылар пайдаланылуға берілгеннен кейін жоғары октанды бензин мен дизельді отын өндірісін және АМӨЗ-де мұнай өңдеу тереңдігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлады зауыттың баспасөз қыметі.

«Қондырғылар іске қосылғаннан кейін АМӨЗ-де жоғары октанды автомобиль бензинінің өндірісі 81,7%-дан 89%-ға дейін артты, бүгінде төмен октанды автомоблиь бензині АИ-80 өндірісінен толығымен бас тарту мүмкіндігі бар», - дейді «Атырау МӨЗ» ЖШС техникалық бөлімі бастығының орынбасары Вадим Карабасов .

Оның айтуынша, гидротазалау процесіне 15%-ға дейін бензиндң кокстауды қабылдау мүмкін болды, бұл өз кезегінде CCR шикізат базасын кеңейтеді, осылайша төмен октанды компоненттер өндірісін төмендету арқылы жоғары октанды автомобиль бензинінің өндірісін арттырады.

Бүгінде зауытта шикізат базасының сапасын қадағылаудың online жүйесін енгізу аяқталды. Бұл құрамындағы күкірт, азот пен «қайнау соңы» нүктесі 191,40С (нефтехимиялық үлгі) немесе 1850С (жанармай үлгісі) дейін шекті фракциялық құрамды бақылауға мүмкіндік береді.

Хабарланғандай, CCR пайдаланылуға берілгеннен кейін айына 10 мың тоннаға дейін мұнайды және шағын МӨЗ бен ГӨЗ-дің пентан-гексан фракцияларын сапасын жоғары октанды автомобиль бензині сапасына дейін жеткізу арқылы өңдеу мүмкін болды.

Бүгінде гидротазалау мен дизельді отынды парафиннен арылту қондырғысы жобалық өндіріске шығарылды. Нәтижесінде «КО ТР-ның К-2 мен К-3 экологиялық санаттарына сай келетін 100% экологиялық таза дизельді отын өндірісіне қолжеткізілді. Өндірілетін жеңіл газольдің 75%-ға дейін бөлігі экологиялық таза дизельді отынды өндіруді арттыра отырып қайта өңдеуге жіберіледі».

Жалпы, ағымдағы жылдың сәуір айында АМӨЗ-де мұнай құрамында 28% аспайтын дизельді фракциясы бар өңделетін шикізаттан дизельді отын өндірісі 32%-ға дейін артты.

«Аталған жетістіктер зауыттағы технологиялық жаңғырту мен одан ары жетілдіру жолында жаңа кезең болды», - деді В. Карабасов