АӨК өнімдері экспортының өсімі Қазақстан үшін басымдыққа ие болуы тиіс
Алматы. 6 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсімі қазақстандық агроөнеркәсіп кешені үшін басымдыққа ие мақсатқа айналуы тиіс. Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті.
«Өнімнің дәстүрлі түрлері бойынша АӨК экспорттық бағытының динамикалық өсімі басымдыққа ие болуы тиіс. Ішкі сұранысқа ғана негізделген импортты алмастырудың тиімділігі аз», - деді Н. Әлтаев.
Ол ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгілерінің өндірісін арттыру керектегін атап өтті.
«Аталмыш тауарларды сатудан түскен жиынтық экспорттық кіріс екі есе артуы мүмкін, немесе 1,8 трлн теңгеге. Нәтижесінде Қазақстан Қытай мен Ресейге агроөнеркәсіп өнімдерін жеткізетін ірі экспортшы-елдер ондығына кіре алады», - деді ҰКП өкілі


