26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Ақтау» теңіз порты арқылы 9 млн. астам тонна мұнай экспорталған

19 сәуір 2015 Қаралым: 1 138

Бұл туралы «Қазақтеңізкөлікфлоты» АҚ кеңсесінің ашылуы кезінде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Компания қызметі «Ақтау» теңіз портының жүктемесіне мүмкіндік бере отырып, теңіз жолы арқылы жүкті ауыстырып тиеуді арттырады. Теңіз сауда көлігі Маңғыстау облысындағы көлік саласының ең негізгісі болып барады», — деді А. Айдарбаев.

Компанияның ақпараты бойынша, жүк келесі бағыттар бойынша бөлінген: Ақтау-Махачкала – 2 млн. 677 мың тонна, Баку портына (Сангачал порты, Дюбенди порты) 1 млн. 919 мың тонна мұнай, Қара теңізге – 3 млн. 394 мың тонна, Жерорта теңізіне – 1 млн. 546 мың тонна. 2014 жылдың наурыз және мамыр айларында ҚТКФ жекеменшік флотымен Түркіменбашы-Баку порты бағыты бойынша 70 мың тонна мұнайды тасымалдаған.