29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ақтөбе облысында алаңы 9,5 га жылыжай іске қосылады

29 наурыз 2017 Қаралым: 2 086 Экономика
АО "Холдинг "КазАгро"
Фото: АО "Холдинг "КазАгро"

Алматы. 29 наурыз. Ақпараттар орталығы. Ақтөбе облысында 9,5 га алаңда «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысын аяқтады. Нысанды ресми түрде қолданысқа енгізу сәуірде басталады, деп хабарлады «ҚазАгро» ұлттық холдингінің баспасөз қызметінен. 

Нысан, «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша қаржыландырылған ірі жобалардың қатарына кіреді. Кешеннің жалпы құны - 4,9 млрд. теңге, оның 3,4 млрд. теңгесі инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде Холдингтің құрылымындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырылды. 

Қуаттылығы жылына 5700 тоннаға дейінгі өнім шығаратын жобаны іске асыру аймақта жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын тигізеді, еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ республиканың ішкі нарығында өзі өндіретін бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс өнімінің үлесін ұлғайтады.

Бүгінгі күні «ҚазАгро» ұлттық компаниясы тобымен жылыжай құру бойынша жалпы құны шамамен 47 млрд.теңгенің 41 жобасы қаржыландырылғанын атап өту керек. Оның жалпы алаңы 119 га және өндірістік қуаты 47 мың тонна болатын 36 жылыжайы іске қосылды. Бұл нысандарды іске қосу барысында 1464 жұмыс орны құрылды.

Тағы оқыңыз