Ақтөбе облысында карантин күшейтіле ме: Бас санитарлық дәрігердің жауабы
15 Октября 2020
988
Медицина
Фото:mugalzhar.kz
Алматы. 15 қазан. Ақпараттар орталығы - Ақтөбе облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соңғы тәулікте Ақтөбе облысында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 31 жастағы Ақтөбе тұрғыны профилактикалық мақсатта тексерілген. ПТР-сынамасы оның вирус жұқтырғанын көрсеткен. Бүгінге дейін өңірде барлығы 3 мыңнан астам адам вирус жұқтырса, олардың 98 пайызы жазылып шықты.
«Шекараларда шектеу шарасы күшейтілді. Ақтөбе облысында екі шекара бекеті бар. Қарғалы мен Мәртөк арқылы 6-14 қазан аралығында 3600-ден астам адам өтті. Оның ішінде анықтама құжаты болмаған 594 адамнан ПТР-сынама алынып, екеуінің нәтижесі оң болып шықты. Олар оқшауланып, ем алуда. Көрсеткіш кейбір облыста асып кетіп жатыр. Шектеу де күшейтілген. Ақтөбе облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Егер бұған дейінгі қаулыда бекітілген талапты сақтап, санитарлық ережені ұстанатын болсақ, жаңа қаулы қабылданбайды. Көрсеткішті сақтап қалу өзіміздің қолымызда. Бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет», - деді Нұрсұлу Беркімбаева.
Айта кетейік, облыста карантин талаптарының сақталуын тексеретін мониторингілік топтар жұмыс істейді. Барлығы 1 мыңға жуық хаттама толтырылып, 82 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Еске салсақ, өңірде қажеттілік туындаған жағдайда төсек-орын саны 315-тен 3603-ке дейін ұлғайтылмақ. 6 қазаннан бастап А.Досжанова жатақханасы, Жайсаң көпсалалы колледжі, Қарғалы ауданының Әлімбет мектеп-интернатынан 440 орындық 3 стационар іске қосылды. Облыстағы 1547 төсек-орынның 1438-і, яғни, 93% оттегімен қамтылған.
ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026
ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы
ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования
ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные
ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению
ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну
ru Более 102 тыс. вакансий размещено на Электронной бирже труда с
ru Аграрии Жамбылской области готовятся к посевной
ru Полиция пресекла факт незаконного оборота мефедрона в Алматы
ru Международный аэропорт Семей привлечен к административной ответственности
ru В столице представили редкие рукописи VIII–XIX веков
ru Касым-Жомарт Токаев поздравил верующих с началом месяца Рамазан
ru 14,3 млрд кубометров составляет свободная емкость в водохранилищах Казахстана для
ru С начала года казахстанцам выплачено пенсий на сумму более 395
ru Канал сбыта наркотиков каннабисной группы пресечен в Жамбылской области
ru Спасатели МЧС предотвратили взрыв в жилом доме
ru Более 40% всех ПИИ — вклад Алматы
ru Деятельность незаконного онлайн-казино расследует АФМ в Мангистауской области
ru Импульс на рынке труда: в Алатау в Алматинской области предложены
ru Школьники задержаны за «телефонное» хулиганство в Алматы
ru Ликвидированы подпольные цеха по производству снюса в Туркестанской области
ru $400 млрд к 2029 году составят инвестиции в промышленный каркас
ru Президент направил телеграмму поздравления Генеральному секретарю ЦК Компартии Вьетнама
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Председателю КНР
ru Опознанное тело оказалось чужим: суд отменил запись о смерти
ru Запущен проект по обеспечению сёл высокоскоростным интернетом
ru В КазНУ открылся казахстанско-сингапурский центр квантовых технологий
ru Около 1 700 единиц спецтехники задействовано в снегоуборочных работах в
ru В 2026 году в Казахстане ведется строительство 90 новых школ
ru В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро

+77772555856
Написать нам




