26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Арай» тобының әншілері армияда бір күнін өткізді

13 сәуір 2015 Қаралым: 2 939

Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімінде ерекше акция өтті. Қазақстанға танымал «Арай» тобы «Әскердегі бір күн» («Служба на день») акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Акцияның мақсатына сәйкес әртістер әскери қызметші ретінде бір күнін өткізген, сондай-ақ әншілер әскери қызметшінің әдеттегі күні қалай өтетінімен, қандай міндеттер атқаратынымен, әскери қызметтің қиыншылықтарымен, ең бастысы оның артықшылығымен танысқан.

«Арай» тобының солистері Қазақстанды қорғап жүрген жауынгерлердің бір күнімен танысып, осы орайда олар әскери қызметшілермен бірге әдеттегіден ерте тұрып таңғы жаттығулар жасап, жүгіруге шыққан. Әншілер жауынгерлік міндеттер атқарып, саптық даярлықтан өткен, өздеріне ең күрделі болған тапсырманы орындап – 100 метр қашықтыққа қарудан оқ атқан.

«Акцияның қорытындысы бойынша әртістер қатал әскери тәртіпке бағынғаны үшін көптеген жас жігіттер армандайтын дипломдармен наградталды. Әншілер армияның бір күнгіөміріне араласып, оны өздерінің ер мінездерін көрсете алатын ортада өткізуге берілген мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді», — делінген хабарламада.