• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Астана қаласының маңында Жеңіс Парадына қатысушыларға арналған далалық лагерь құрылуда

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери парадқа дайындық белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Парадқа жеке құрамнан 5000-нан астам адам, 220-дан аса әскери техника мен 85 ұшу аппараты қатысады. Мазмұндық құрылымына қарай парад тарихи және заманауи екі бөлімнен тұрады.

Тарихи бөлімде Ұлы Отан соғысы уақытындағы әскери техникалардың 36 үлгісі іске қосылады. Олардың ішінде саны 27 әскери техника және қару-жарақ: Т-34 танкі, ЗИС-2 зеңбіректі және М-30 гаубицалы ЗиЛ-157, танымал БМ-13 РС-30 «Катюша» және «Максим» пулеметі; сондай-ақ 9 ұшу құрылғысы бар — АН-2 және TL-2000.

Әскери парадтың тарихи бөлімінде механикаландырылған саптан өзге жаяу парадты әскердің қатысуы жоспарланған.

Тарихи парад төрт парадтық есепте көрсетіледі. Парадқа қатысушылар жалпы саны 24 парадтық есепті (қорап) құрайды, олардың екі тобы әскери қызметші қыз-келіншектерден тұрады. Бір парадтық есеп 154 адамнан құралады.

Әскери парадты Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері бастап өтеді. Мектептің 80 тәрбиеленушісі парадтың тарихи және заманауи бөлігінде айтулы топтармен бірге адымдайды.

Қазіргі уақытта Астана қаласында парадқа қатысушыларға арналған далалық лагерь құрылуда. Оның аясында палаткалардан жасалған қалашықты орналастыру және аумақты дайындау жұмыстары жүргізілуде.

ҚМ хабарлауынша, қазір далалық лагерь аумағында асхана, жуынатын орын, тұрмыстық қамтамасыз ету бөлмесі, медпункт және казармалық қор жасақталған. Далалық лагерь электр қуатымен және жылумен қамтылып, бірлескен медициналық пункт және жылжымалы санитарлық-эпидемиологиялық зертханалар орналастырылған.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе