26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астанада «Чекті талап ет — сыйлық ұтып ал» акциясы басталды

5 наурыз 2015 Қаралым: 1 414

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті тұтынушылардың құқығын қорғау және сауда мен сатып алушыларға қызмет көрсету саласында заң мәдениетін қалыптастыру үшін наурыз айынан бастап 5 шілдеге дейін «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» акциясын өткізетінін хабарлайды.

Акцияға Астананың әр тұрғыны қатыса алады. Ол үшін чекті суретке түсіріп, сол суретті WhatsАpp арқылы +7 701 500 17 17 номеріне жолдау керек. Әр чек үшін қатысушыға бірегей номер беріліп, ол бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Қатысушылар ұялы телефондар, смартфондар мен гаджеттерді ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Хабарлама неғұрлым көп болса, сыйлық ұту мүмкіндігі де соғұрлым жоғары.

Акция талаптары бойынша, бір суретте бір чек көрсетілуі тиіс, чек фискалды болу керек, яғни чекте ФП, Ф, F жазбалары болу қажет, чек суретінде міндетті түрде күні, ЖСН немесе БИН, қорытынды сома көрсетілуі шарт. Бір чектің екі мәрте қайталанбауы керек.

Кәсіпкерлер чек бермегенде немесе кассалық аппараттар сауда орындарында болмаған жағдайда қатысушылар Мемлекеттік кіріс департаментіне хабарласа алады. Ол үшін жоғарыдағы номерге ақпараттық хабарлама жіберу керек. Хабарламада міндетті түрде нысанның атауы, мекен-жайын жазу қажет. Сыйлықтар ұтысы 2015 жылғы 5 шілдеде өткізіледі.