Астанада шамамен тоғыз мыңға жуық тұрақ орны ақылы болады
13 Мая 2016
1517
Астана,
автотұрақ,
ақы
Алматы. 13 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазіргі кезде орталық көшелер мен даңғылдарда 9 мыңға жуық тұрақ орнын қамтитын 259 тұрақ орны белгіленді
Хабарда айтылғандай, үстіміздегі жылдың ІІ тоқсанында «Астананың тұрақ кеңістігін басқару» жобасын енгізу жоспарланған.
«Көліктік талдау қорытындысы бойынша бүгінгі таңда елордада қарбалас уақытта тұрақ орындарына түсетін жүктеме 165% құрайды. Ал осы кездегі паркингтер жүктемесі - 64%», - делінген қала әкімдігінің хабарында.
Хабарда түсіндірілгендей, Тұран, Қабанбай батыр, Сарыарқа, Республика, Жеңіс, Бөгенбай батыр даңғылдары мен Достық, Әуезов, Желтоқсан, Кенесары, Сығанақ, Сейфуллин, Бөкейхан, Түркістан, Бейбітшілік, Сарайшық және т.б. көшелердегі тұрақтар ақылы болады.
Астананың тұрақ кеңістігін басқару» жобасы екі аймақтан тұратын болады. Бірінші аймаққа Республика даңғылы – Бөгенбай батыр даңғылы – Сарыарқа даңғылы– Есіл өзенінің жағалауы шегінде орналасқан тұрақтар жатады. Екінші аймақ Орынбор – Сарайшық – Тұран – Сығанақ көшелерінде орналасқан тұрақтарды қамтиды.
Тұрақ орындары жетпеген жағдайда күрделі көп деңгейлі паркингтер салу, сондай-ақ, автоматтандырылған тұрақтар жасау көзделген.
«Астананың бірыңғай тұрақ кеңістігін құру көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтып, жаяу жүргіншілердің, қоғамдық көліктер мен автомобильдердің қозғалысын жеңілдетеді», - деп атап өтті қалалық әкімшілік.
Көлік құралдары көп жүретін жерлерде ақылы тұрақтар жасау әлемдік тәжірибеде қолданылатын жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын азайту және кептелістерді болдырмау бойынша тиімді шаралардың бірі болып табылады, деп санайды әкімдік
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Сеть школьных залов по дзюдо открывается в Казахстане
ru Айбек Смадияров назначен зав.отделом внутренней политики АП
ru В Женеве эксперты обсудили вопросы биологической безопасности
ru Более 331 тыс. человек получили выплаты из ГФСС в связи
ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 1 500 единиц
ru ДЧС Алматы предупредил о тумане и гололеде
ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау
ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли
ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов
ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с
ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция
ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии
ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%
ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей
ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК
ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок
ru Спасатели обратились к астанчанам
ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением
ru Учащихся начальных классов столичных школ перевели на онлайн-обучение
ru В Актюбинской области по проекту «Серебряный возраст» трудоустроены 1 225
ru Рыбная отрасль демонстрирует рост
ru Мясная ярмарка «Соғым-FEST» вновь пройдет в эти выходные в Астане
ru Глава государства подписал Указ «О некоторых вопросах цифровизации в Республике
ru Президент принял председателя совета директоров Qarmet
ru Более 13 млн рецептов на лекарства выписано через «социальный кошелек»
ru 70-летнему покупателю вернули деньги за неработающий телефон с Wildberries
ru Казахстан усиливает производство автомобилей
ru Глава государства принял председателя Национального банка Тимура Сулейменова
ru Назначены послы РК в Чехии, Нидерландах и Люксембурге
ru Казахстан и Индонезия отмечают 32 года дипломатических отношений

+77772555856
Написать нам




