26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне Қытайдың 20-дан астам провинциясы өз өнімдерін әкеледі

5 мая 2016 Просмотры: 2 178
Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне Қытайдың 20-дан астам провинциясы өз өнімдерін әкеледі
Алматы. 5 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қытай Халық Республикасының (ҚХР) 20-дан астам провинциясы мен өңірлерінің өкілдері  Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне  өз өнімдерін әкеледі, деп хабарлады Қытайдың ұлттық павильонының бас комиссары Ван Цзиньчжань көрмеде.  

«Энергетика – Қазақстан мен Қытай үшін өте маңызды сала.  ҚХР – әлемдегі энергоресурстарын тұтынушылардың ең ірісі, соған байланысты  қытайлық тарап энергетика саласына түзету жүргізуге және экологиялық таза энергиядағы (атом, жел, күн) өз үлесін арттыруға ниетті» – деді В. Цзиньчжэнь ҚХР-дағы ҚР елшісі Шахрат  Нұрышевпен кездесу барысында.

ЭКСПО-2017 Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланысқа ықпал етеді және екі жақты қатынастардың дамуына жаңа серпін береді деп санайды.     «ЭКСПО-2017» алаңы ҚХР-дың 20-дан астам провинциясы мен өңірлерінің өкілдеріне, сондай-ақ қайта қалпына келетін энергия саласында жұмыс жасайтын ірі компанияларға да  қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік береді.   

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің ақпарынша, ҚХР 2015 жылдың 24 тамызында өздерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады, ал 2016 жылдың 24 ақпанында қытайлық тарап қатысу шартына қол қойды.