26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

"Атамекен" жер қатынастары саласындағы салық салуды реформалауды ұсынып отыр

6 қыркүйек 2016 Қаралым: 2 537 Экономика,  Бизнес,  Құқық
"Атамекен" жер қатынастары саласындағы салық салуды реформалауды ұсынып отыр

Алматы. 6 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті микрокредиттеу бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Қазіргі таңда 793 млн теңгеге 173 өтінім қаржыландырылған. Бұл туралы ОКҚ-дағы баспасөз-мәслихаты барысында ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев айтты.

 

«29 тамыздағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1,827 млрд теңгеге 340 өтінім келіп түсті, олардың ішінен 1,114 млрд сомаға 260 өтінім қанағаттандырылды», - деді Ұлттық палата өкілі.   

 

Сонымен қатар, Н.Әлтаев ҰКП жаңа экономикалық жағдайдағы бизнесті қолдау бойынша ұсыныстарына да тоқталды. 

 

Спикердің айтуынша, ол үшін барлық бос жер уческелері туралы мәліметтің электронды базасын жасау, жер ұсыну қызметтерін электронды форматқа көшіру, жер қатынастары саласында салық салуды реформалау қажет және т.б.   

 

Өз кезегінде ҰКП төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов ел өңірлерінде бизнесті қолдаудың арнайы қорларын құру туралы ұсынысын да айтты. 

 

«Республикалық және жергілікті бюджет тарапынан қаржыландыра отырып,  қор құруды заңдастыруға болады. Осы құрал арқылы ісін жаңа бастап жатқан және ауылдағы кәсіпкерлер жеңілдік несиелерін ала алады», - деді ол.

Тағы оқыңыз