Атырау облысының әкімі пайдаланылмай жатқан жер телімдерін бақылауға алды
Алматы. 19 сәуір. Ақпараттар орталығы.Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау қаласының басшысы Нұрлыбек Ожаевқа пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайта қайтарып алуды тапсырды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.
«Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінің кестесін жасаңыз, кім, қашан, не үшін алғанын және не себепті пайдаланылмай жатқанын қараңыз. Осы мәселемен жеке айналысуыңызды және пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін қолданыстағы заңнама аясында қайтарып алуды тапсырамын», - деді Н. Ноғаев апатты жағдайдағы үйлерді жою және Атыраудың бас жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес барысында.
Хабарланғандай, қалада бос жер телімдерінің болмауынан мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылмай отыр.
«Дәл қазір мен ЖТҚ бойынша алынған 8 сотық жер телімдері туралы емес, қала сыртында гектарлап алынған, жерді пайдаланбай, оны қайта саудаға салып жатқандар туралы айтып отырмын. Тағы да қайталап айтамын Атырауда бизнесін дамытқысы келген кәсіпкерлерге дамыту институттары арқылы жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, алайда жерді тек саудаға салып отырғандардан оны тартып аламыз», - дейді әкім.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қалада 15 апатты жағдайдағы жатақхана мен бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер тіркелген.