• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Атышулы қылмысты ашқан қызылордалық тергеуші

Фото: ҚазАқпарат

Алматы. 7  желтоқсан. Ақпараттар орталығы - Қызылордада былтыр бұрынғы күйеуін өлтіру мақсатында «киллер» жалдаған әйелге қатысты қылмыстық оқиға жергілікті жұртшылықты дүр сілкіндірген еді. Бұл орайда қылмыстық іс ашуға тергеуші Нариман Әбіләкім үлкен еңбек сіңірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға өткен жылдың шілде айында болды. Әйел адам бұрынғы күйеуін өлтіру мақсатында Түркістан облысы тұрғынына тапсырыс береді. Ол адам бұрын сотты болған, бұрынғы күйеуінің цехында жұмыс істеген. Әйел оған қызметі үшін 20 мың АҚШ долларын беретінін айтады.

Кәсіпкер күйеуі әйелімен ажырасқанмен отбасына қол ұшын созуды ұмытпайды. Баспана, нан және тігін цехы құрылғысын сатып алып береді. Оған қоса автокран мен жеңіл автокөлігін әйелінің атына аударып берген. Отбасылық өмірінде ерлі-зайыптылар 4 бала өмірге алып келген.

Түркістан облысының тұрғыны әйелдің қылмыстық пиғылын әшкерелеуді дұрыс көреді. Осы мақсатта облыстық полиция департаментіне арызданған. Дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Әйелден тапсырыс алған азамат арнайы кісі өлтіруші ретінде белгіленді. Алдын ала жасалған жоспар бойынша «киллер» жәбірленушіні «өлтіргені» жайлы оқиғаны дәлелдеу үшін имитация жасайды. Жәбірленуші өлтірген әрекетін көрсетеді. Жәбірленушінің үстіне қан жағып, пышақ пен оған тиесілі басқа да заттарын ұялы телефонға түсіреді. Бұл фотосуретті тапсырыс берген әйелге жіберген.

Аталған істі тергеп-тексеру шарасын жүргізген Нариман Әбіләкім оны әділ жүргізуге барынша көңіл бөлді. Осы орайда оқиғаның әрбір бөлігін назардан тыс қалдырған жоқ. Тапсырыс берген әйел қылмыстық пиғылы толығымен «орындалғанына» көзін жеткізеді. Содан кейін қалтасынан алған 10 мың теңгені «киллер» қызметін атқарған адамға жолақы ретінде береді. Ал бұрынғы күйеуінің атына тіркелген мүліктер балаларына мұра болып өткеннен кейін еңбекақысын беретінін айтады. Басты сот талқылауында бұрынғы күйеуі сотталушыға барынша жеңіл жаза беруін сұрады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 4-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 8)-тармағымен кінәлі деп танылды. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе