Автокөлікті шығарды
Таяуда ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшілік бөліміне Қызылорда қаласының тұрғыны Қисманов Серікбол есімді азаматтан шақыру түсті, яғни Қызылорда қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Сұлутөбе елді мекенінде Көксу каналына өзінің жеке автокөлігі мұз жарылып кетіп, суға түсіп кеткендігі жөнінде хабар түсті, деп хабарлайды «ОӨАЖҚЖ» ММ.
Төтенше жағдай орын алған жерге жеткен жасақ құтқарушылары жағдайды анықтап, суда жатқан автокөлікті шығару мақсатында мұздарды арнайы құрал-жабдықтармен кесіп шығаруға кірісіп кетті. Құтқарушылар сүңгуір құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, су астындағы автокөлікті бекітіп, жол жиегіне шығарып берді. Автокөлік иесі құтқарушыларға өз ризашылығын білдіріп алғысын айтты.