26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Әзірбайжан ұрлық үшін айыпталған қазақстандықты ҚР-ға қайтарды

4 ақпан 2016 Қаралым: 1 692

Алматы. 5 ақпан. Бас прокуратура бірқатар ұрлық жасағаны үшін айыпталған қазақстандық Нұргүл Байсанованы Әзірбайжаннан экстрадициялады.

«Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Әзірбайжан Республикасында бірқатар ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп болған 22 жасар Қазақстан Республикасының азаматшасы Нүргүл Байсанованы Ақтөбе облысы аумағында ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады», — деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, а.ж. 13 қаңтарда Әзірбайжан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратусының сұрауы бойынша Н.Байсанованы беру туралы шешім қабылдаған болатын.
Қазір айыпталушы Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.