Бейжіңде Қазақстан арқылы өтетін жаңа теміржол бағдары таныстырылды
Алматы. 27 сәуір. Ақпараттар орталығы. Бейжіңде Қытай- Қазақстан- Түркменстан- Иран темір жол бағдарының тұсаукесер рәсімі өткізілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
«Қытай-Қазақстан-Түркменстан-
Аталмыш бағдарлама бәсекелестікке сай тариф белгілеу, шекаралық станцияларды дамыту, шекарадан өту мерзімін қысқарту, Қытай- Қазақстан- Түркменстан- Иран /Парсы шығанағы елдері/ Индия бағдарында және кері бағытта жүк айналымын ұлғайтуды көздейді.
Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаев қазіргі таңда Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай терминалын, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірлесе пайдалануға зор мүмкіндіктер бар екендігін атап өтті.
Бүгінде Ляньюньганнан Орталық Азия мен Қазақстанға 498 контейнерлік пойыз жіберілді. 2020 жылдарға қарай терминал арқылы жылына 500 мың (ЖФЭ) контейнер жөнелту жоспарланып отыр.
«Иран тарабымен бірлесе көліктік- логистикалық инфрақұрылым жасақтаудың Жол картасы бойынша Инчебурун станциясы, Бандер –Аббас теңіз порты контейнерлік терминалында жүзеге асырыла бастады»,- делінген хабарламада.