26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жел күшейіп, жауын жауады деп күтілуде

29 маусым 2017 Қаралым: 2 190 Ауа райы
Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жел күшейіп, жауын жауады деп күтілуде

Алматы. 29 маусым. Ақпараттар орталығы. Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жел күшейіп, күн күркіреп, жауын жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын жаумайды, оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +31+33 градус шамасында.

Алматыда да ала бұлтты, кейде күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, 0-5 м/с жел соғады, +26+28 градус.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +28+33, +23+28, +28+33 және +23+28 градус. Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, +25+30 және +20+25; Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан жәнен Қызылорда облысында жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, +33, +38 және +37 градус; Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел тұрады, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды боран соғуы мүмкін, Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, тау бөктерлерінде күшті жауын жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +23+28.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облысында жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, +30+35, +31+36 және +30+35 градус. Батыс Қазақастан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +25+30 градус.

Күндіз Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Отүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз