26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Білім министрлігі «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялады

5 тамыз 2016 Қаралым: 2 880
Білім министрлігі «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялады

Алматы. 5 тамыз. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 12 қыркүйек және 14 қазан аралығында «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.


«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметi үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет номинациялар бойынша берiледi


Өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 29 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар сыйлық алуға үміткер болады.


Әр жылдарда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына Серік Сәпиев, Илья Ильин, Ольга Шишигина секілді спортшылар, «Муз АРТ», «Жігіттер», «Ұлытау» және т.б. ие болды.    

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет.


Сыйлық бір уақытта бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін, бұл жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Сыйлықты қайта беруге жол берілмейді. Бiр кандидатураны бiр номинациядан артық сыйлық алуға ұсынуға болмайды.


Сыйлық авторлар ұжымына берiлсе, оның ақшалай бөлiгi олардың мүшелері арасында тең бөлiнедi. 

Сыйлық алған адамдарға «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты» атағы берiледі, диплом, омырауға тағатын белгi және ақшалай сыйлық табыс етiледi.