26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Бір тәулікте Қазақстанда бес бала суға батып кетті

29 июня 2016 Просмотры: 1 583
Бір тәулікте Қазақстанда бес бала суға батып кетті
Алматы. 30 маусым. Ақпараттар орталығы.  Қазақстанда балалардың қатысуымен орын алып жатқан қайғылы жағдайлар толастамауда. Өткен тәулікте елде балалардың суға батып кетуінің 5 жағдайы тіркелген, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ  Комитетінің баспасөз қызметінен.   

29 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауылы Келес өзенінде 2005 жылы туылған ер бала жүзіп жүріп батып кеткен. Шымкент қаласында Қарасу өзенінде байқаусызда суға құлап кеткен 2012 жылы туған қыз бала көз жұмды.   

Алматы облысында балалар қазасының екі жағдайы тіркелді. Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылында Күш өзенінде суға түсіп жүрген 2000 жылғы жасөспірім суға батып кеткен.  2001 жылы туылған тағы бір жасөспірім Жамбыл облысы Үмбетәлі ауылынан 20 шақырым қашықтықтағы қараусыз қалған карьерде жүзіп жүріп, суға батып кеткен.    

Жамбыл облысында Меркенка өзенінде (Мерке ауылындағы тау маңында) 2009 жылы туылған ер бала байқаусызда суға құлап кетіп, қаза тапқан.  

«Аталмыш жағдайлардың барлығы құтқарушылар күтпейтін су айдындарында орын алған. Қайғылы жағдайлар көбіне ата-аналардың қадағалуының болмауынан және балалардың қарапайым қауіпсіздік шараларын білмеулерінен болған», - деп атап өтті ведомствода.  

ТЖ комитеті барлық ата-аналардан өз балаларына мұқият болуларын және оларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.  Кішкентай бала қауіп деңгейін объективті түрде бағалай алмайды. Сондықтан оны қараусыз қалдыру, тіпті аз ғана уақыттың өзіне, қайғылы жағдайға ұрындыруы мүмкін.

«Балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіру керек және жабдықталмаған орындарға суға түсуге жібермеген дұрыс», - дейді құтқарушылар.